DSC_9

Алғаш рет еліміздің жоғары оқу орындарының тарихында M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ХҚКО ашу бойынша бірегей жобаны енгізді. ХҚКО іске қосу мақсаттары оқу процесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын арттыру, сервистік қызметтерді оңтайландыру, өзара құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа бейім факторларды жою болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ұқсас жүйе бойынша білім беру саласында студенттерге қызмет көрсететін дәл осындай Орталық жоқ.

Орталық 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

ХҚКО бастығы Ермек Аглаков:

 «Қазіргі уақытта Орталығымыз білім алушылар мен олардың ата-аналарына, Университет қызметшілеріне көрсететін қызметтердің түрі өте көп. Бұл жерде 40 шақты операция өңделеді. Өтінішті өңдеудің ең ұзақ уақыты 10 минут құрайды».

Міндеттер:

  • Білім алушыларға ұсынылатын қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының көріністерін жоюға ахуал жасау;
  • Білім алушыларға ақпараттық көмек көрсету;
  • Бағдарламалық және техникалық құралдардың қолданылуын ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу;
  • Білім алушыларға ұсынылатын қызметтерді көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру.

Жобалары:

«Platonus»

Оқу процесін тиімді әрі оңтайлы ұйымдастыру үшін КАЗГЮУ орталықтандырылған деректер базасы бар «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі секілді жаңа жобаны іске қосты, бұл жүйеде студенттердің сабаққа қатысуы, рейтингтік бағалары тәрізді көрсеткіштер көрсетіледі.

Әрбір студенттің жеке өзінің виртуалдық кабинеті (web-парақшасы) бар, студент сол парақшада хабарландырулар, тапсырмалар, оқу сабақтарының кестесі, транскрипт, вебинарларға қатысуы, қаржы берешегінің болуы секілді өзіне қажетті бүкіл ақпаратты көре алады.

Корпоративтік пошта

2016 жылдан бастап әрбір студентке университетте оқу уақытына қарай тегін корпоративтік мекенжай ұсынылады. Осы бірыңғай корпоративтік электрондық пошта жүйесі барлық білім алушыларға КАЗГЮУ-да форумдар, конференциялар, семинарлар, әр түрлі жобалар және т.б. өткізілетін шаралар туралы хабарландыруларды жолдауға мүмкіндік береді.

Онлайн-өтінімдер – студенттердің өтініштерін «кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбеуге» мүмкіндік беретін, нақты уақыт режимінде қараудың жаңа үнемді әрі ыңғайлы нысаны.

Электрондық кезек

Электрондық кезектің енгізілуі ХҚКО жұмыс процесін реттеуге және жолыққандардың статистикалық есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Орнатылған терминал кезек нөмірі көрсетілген талон береді, осы талон бойынша қызмет 10 минуттың ішінде көрсетіледі.

Байланыс көздері
КАЗГЮУ ХҚКО
Тел.: 8 (7172) 70 28 54
E-mail: tson@kazguu.kz