Университетке жаңадан оқуға қабылданғандар және Университетке ауысу, қайта қабылдану тәртібімен қабылданған білім алушылар үшін бағдарлау кезеңі ішінде бағдарлау бағдарламасы қызмет етеді, оның мерзімдері академиялық күнтізбеде көрсетілген.

Бағдарлау кезеңінде білім алушылар Университеттегі оқу жүйесімен, пәндерге тіркелу рәсімімен танысады, әкімшілік өкілдерімен, Жоғары мектептің директорларымен, кафедра меңгерушілерімен, эдвайзерлермен кездесулер өткізіледі. Барлық студенттерге ақпараттық кітапша беріледі. Келесі академиялық кезеңнің пәндеріне тіркелу академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.