Оқу үлгерімінің орташа баллы (GPA) – баға қойылған әр пәннен алынған кредиттер санына сай өлшенетін барлық бағалардың орташа балы.
Білім алушының транскриптінде академиялық кезең, оқу жылы мен барлық оқу кезеңіндегі GPA көрсетіледі. Кейбір пәндер академиялық пәндердің құрамына кірмейді және олар бойынша алынған кредиттердің саны білім алушы курстан курсқа көшіру кезінде ескерілмейді. Бірақ оларды оқу міндетті болып табылады: осындай пәндерге дене шынықтыру жатады. КАЗГЮУ Университетінде оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) 4-балдық шкала бойынша есептеледі. (Оқу үлгерімін бағалау жүйесін қараңыз).