Транскрипт – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат. Офис-регистратор білім алушыларға ректордың қолы қойылған және Университет мөрімен расталған ресми транскрипт береді.

Транскрипт білім алушының сұрауы бойынша кез келген оқу кезеңі үшін беріледі.

Ресми емес транкриптін (ректордың қолы қойылмаған және мөрмен расталмаған) «Платонус» ААЖ-дағы білім алушының жеке кабинеті арқылы алуға болады.

Ресми транскрипт алу үшін:
онлайн режимінде өтініш жіберу арқылы;
– КАЗГЮУ Білім алушыларға ҚКО арқылы (245-каб.).
Транскрипт дайындау мерзімі: 2 жұмыс күні.
Ресми транскрипт алу
Ресми емес транскрипт