Кәсіптік білім беру орталығы басшысының атына өтініш
Білім алушы бұйрықта көрсетілген мерзім бойынша академиялық демалыстан шығуды ресімдеуі керек.
Қажетті құжаттар тізімі:
- науқасты бақылаған денсаулық сақтау ұйымынан, ДКК (ОДКК) берген денсаулығының жайы туралы, сонымен қатар денсаулығына байланысты академиялық демалыста болғандығы туралы және осы мамандық бойынша білім алуын жалғастыру мүмкіндігі туралы анықтама;
- жеке оқу жоспарының жобасы.
Өтінішті online режимінде беру үшін Сізге:
- тиісті жолдарды толтыру;
- өтінішті жазу (өтініш үлгісін тиісті жолға басып көре аласыз);
- «Файлды жүктеу» түймесін басу арқылы қажетті құжаттарды жүктеу;
- барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Жіберу» түймесін басу және «Платонус» ААЖ-ның логині мен паролін теріп, сайтта авторизациялану қажет (егер авторизациялау сәтті өтсе, өтініш берушінің аты-жөні және ЖСН бейнеленеді).