Білім алушы пәнді мынадай жағдайда қайта оқи алады:

  • пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағасын алған жағдайда;
  • пәннен жоғарырақ баға алу үшін.

Оқу жоспары бойынша пәнді қайта оқу үшін тіркелу жалпы тіркеу мерзімдерінде жүзеге асырылады, бірақ оқу ақысының алдын ала төленуін көздейді.

Білім беру гранты бойынша оқитын білім алушы және курстан курсқа аударылған студент академиялық қарызы болған жағдайда, пәнді ақылы негізде қайта оқиды, бұл ретте білім беру гранты сақталады.

Элективтік курстың пәндері алдын ала эдвайзермен келіскен жағдайда, басқаларға ауыстырылуы мүмкін.

Тіркеу тәртібі:
1. Эдвайзер білім алушымен бірге жеке оқу жоспарын әзірлейді;
2. Білім алушы шартқа сәйкес пәнді қайта оқу ақысын төлейді;
3. Білім алушы өтініш береді:

4. Білім алушы эдвайзердің ұсынымдарына сәйкес «Platonus» ААЖ-да пәнге онлайн-тіркелуге тиіс.