M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің білім алушыларына “Платон” ААЖ және Canvas LMS автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өз виртуалды кабинеті бөлінеді, сондай-ақ корпоративтік почта ұсынылады.
“Платон” ААЖ, Canvas LMS және корпоративтік почтаның пайдаланушылары болып табылатын M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің білім алушылары құпиялылықты сақтауға және дербес деректерді қорғау шараларын қолдануға міндетті, өздерінің жүйеге кіруін қамтамасыз ететін жеке логині (пайдаланушы аты) мен паролін біреуге беруге құқығы жоқ.

KAZGUU мобильді қосымшасыКорпоративтік почта (Outlook)Платон «ААЖ»Canvas LMS
Білім алушылардың барлық ресми өтініштері, анықтама, транскрипттер алу үшін өтінімдер
“М. NARIKBAEV KAZGUU UNIVERSITY”
мобильді қосымшасы немесе оның веб-нұсқасы арқылы өтініш береді (https://smart.kazguu.kz).
Ол қалай орындалады:
1.”KAZGUU UNIVERSITY” мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеп алыңыз, “Платон” ААЖ/ Canvas LMS логині мен паролі арқылы авторизациядан өтіңіз.
2.Бейнероликті қараңыз:

Корпоративтік почта (Outlook) M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU unıversıteti-де ресми қарым-қатынас құралы болып табылады.
Білім алушыларға ақпараттық жүйелердегі кіріс почтасы мен хабарламаларын жүйелі түрде тексеру ұсынылады. Әкімшілік немесе оқытушы жіберген ақпараттар пен хабарламалар білім алушылар алған және оқыған болып бағаланады.

Корпоративтік поштаның логинін және/немесе паролін алу немесе қалпына келтіру үшін мына мекенжайға сұрау жіберіңіз:registrar@kazguu.kz

“Платон” ААЖ – білім алушы пәндерге тіркелетін, оқу сабақтарының кестесін, жеке оқу жоспарын, транскриптін, университет алдындағы қаржылық міндеттемелерін, академиялық берешектерін қарайтын платформа (https://platonus.kazguu.kz/).

“Платон” ААЖ логинін және/немесе паролін алу немесе қалпына келтіру үшін registrar@kazguu.kz почтасына сұрау жолдаңыз.


Canvas LMS-де (https://kazguu.instructure.com/login/canvas):
– оқытушы міндетті түрде электрондық курсты жүктейді (оқытудан күтілетін нәтижелерді, академиялық курсты бағалау критерийлерін, оқу материалдарын, тапсырмаларды орындағаны үшін бағалаудың салмақтық коэффициентін бөлуді қамтитын силлабус және т. б.), білім алушылардың жүктелген жұмыстарын, оның ішінде “Turnitin” антиплагиат жүйесі арқылы тексереді, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу есебін жүргізеді, білім алушылармен хат алмасуды жүргізеді және т. б.;
– білім алушы силлабусқа, оқу материалдарына қол жеткізе алады, үлгерім журналын, күнтізбені және басқа да материалдарды қарайды, оқытушымен хат алмасады, орындалған жұмыстарды тапсырады және т. б.
Canvas student қосымшасын жүктеу:
https://apps.apple.com/us/app/canvas-student/id480883488
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.instructure.candroid&hl=ru
Canvas функциясы туралы демо-бейнені қараңыз:

Canvas LMS логинін және/немесе паролін алу немесе қалпына келтіру үшін registrar@kazguu.kz почтасына сұрау жолдаңыз.