Университет ректорының атына өтініш

Мені Құқық Жоғары мектебі 2 курс 5В030100 – құқықтану мамандығының, қазақ бөлімі студенттері қатарынан 5В030200- Халықаралық құқық мамандығы, қазақ бөлімі студенттері қатарына ауыстыруыңызды сұраймын. Оқу жоспары бойынша академиялық айырманы бекітілген мерзімде ақылы негізде жоюға міндеттенемін. Оқу ақысын уақытылы төлеуге міндеттенемін. Қажетті құжаттар көшірмелері қоса тіркелді.


Қажетті құжаттар тізімі:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • эдвайзерден берілген ұсыныс хат.
Өтінішті online режимінде беру үшін Сізге:

  • тиісті жолдарды толтыру;
  • өтінішті жазу (өтініш үлгісін тиісті жолға басып көре аласыз);
  • «Файлды жүктеу» түймесін басу арқылы қажетті құжаттарды жүктеу;
  • барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Жіберу» түймесін басу және «Платонус» ААЖ-ның логині мен паролін теріп, сайтта авторизациялану қажет (егер авторизациялау сәтті өтсе, өтініш берушінің аты-жөні және ЖСН бейнеленеді).