Университет ректорының атына өтініш

Білім алушы бұйрықта көрсетілген мерзім бойынша академиялық демалыстан шығуды ресімдеуі керек.

Сізден Қашықтан оқыту орталығының 2 курс қазақ бөлімінің 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттері қатарына академиялық демалыстан қайта қабылдауыңызды сұраймын. Академиялық демалыс «23» қаңтар 2015 жылы №11-04/340 бұйрықпен «20» қаңтар 2015 жылдан бастап «20» қаңтар 2016 жылға дейін дейін берілді. Оқу жоспары бойынша академиялық айырманы бекітілген мерзімде ақылы негізде жоюға міндеттенемін. Оқу ақысы бойынша қарызым жоқ. Оқу ақысын уақытылы төлеуге міндеттенемін. Қажетті құжаттар көшірмелері қоса тіркелді.


Қажетті құжаттар тізімі:

  • науқасты бақылаған денсаулық сақтау ұйымынан, ДКК (ОДКК) берген денсаулығының жайы туралы, сонымен қатар денсаулығына байланысты академиялық демалыста болғандығы туралы және осы мамандық бойынша білім алуын жалғастыру мүмкіндігі туралы анықтама;
  • жеке оқу жоспарының жобасы.
Өтінішті online режимінде беру үшін Сізге:

  • тиісті жолдарды толтыру;
  • өтінішті жазу (өтініш үлгісін тиісті жолға басып көре аласыз);
  • «Файлды жүктеу» түймесін басу арқылы қажетті құжаттарды жүктеу;
  • барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Жіберу» түймесін басу және «Платонус» ААЖ-ның логині мен паролін теріп, сайтта авторизациялану қажет (егер авторизациялау сәтті өтсе, өтініш берушінің аты-жөні және ЖСН бейнеленеді).