Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
Білім алушылар құрамынан шығарылған тұлғалар M.S. Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti білім алушыларының құрамына қайта қабылданады.
Студенттер құрамына оқудан шығарылған сәттен бастап 5 жыл ішінде, магистранттар құрамына – оқудан шығарылған сәттен бастап 2 жыл ішінде қайта қабылдануға болады.
Білім алушылар қатарына қайта қабылдау тиісті курсқа және тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.
Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған тұлғалар төлем бойынша берешегін өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануға құқылы.
Білім алушы базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша түсу емтихандарын тапсырады, олардың тізбесі академиялық сапа жөніндегі тиісті Комитеттің шешімі негізінде Жоғары мектеп деканының (директорының) өкімімен бекітіледі.
Түсу емтихандары бойынша оң баға алған жағдайда (50% және одан да көп), барлық құжаттары және Жоғары мектеп деканының (директорының) ауысуға рұқсаты болған жағдайда, білім алушы КАЗГЮУ ХҚКО-на M.S. Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосты атына ауысу тәртібімен қабылдау туралы өтініш береді.
2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін (2021 жылғы 01-04, 07 қаңтар-мереке күндері).
- Студент/магистрант/докторант оқитын ЖОО басшысының визасымен (ауыстыруға келісім, мөрмен бекітілген) КАЗГЮУ ХҚКО-на M.S. Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-не ауыстыру туралы өтініш.
- транскрипт (түпнұсқа);
- алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);
- ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);
- білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
- жеке басын куәландыратын құжат.
Қазақстан ЖОО-сында оқитын тұлғалар қалпына келтіру кезінде мыналарды ұсынады:
- транскрипт (түпнұсқа);
- алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың түпнұсқасы не көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);
- ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының түпнұсқасы не көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);
- 1-курсқа қабылдау және білім алушылар құрамынан шығару туралы бұйрықтардың үзінділері;
- жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік білім беру ұйымында оқыған адамдар ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде мыналарды ұсынады:
- игерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт);
- қабылдау сынақтарының нәтижелері;
- алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттар (шетелдік білім беру ұйымдары берген құжаттар Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс);
- 1 курсқа (оқу жылына) қабылдау туралы, оқудан шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдар белгіленген шекті баллдан (бар болса) төмен емес баллы бар ҰБТ немесе КТ сертификатын ұсынады.
Жоғары мектеп эдвайзері/менеджері:
– ұсынылған құжаттардың негізінде академиялық айырмашылықты (пәндердің пререквизиттерін), болжамды оқу курсын айқындайды, өтініш берушіні электрондық пошта арқылы хабардар етеді;
– базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша түсу емтихандарын тапсыру рәсімі бойынша кеңес береді;
– түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастырады;
– өтініш беруші мен тіркеушінің назарына түсу емтихандарын тапсыру нәтижелерін жеткізеді;
– өтініш берушімен бірге оның білім беру траекториясын анықтайды және тіркеуге ұсыныс береді.
Өтініш беруші түсу емтихандары бойынша оң баға алған жағдайда (50% және одан да көп), барлық құжаттары мен Жоғары мектеп деканының (директорының) ауысуға рұқсаты болған жағдайда жеке өзі (немесе заңды өкілі арқылы) КАЗГЮУ ХҚКО-ға M.S. Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосты атына ауысу тәртібімен қабылдауы туралы өтініш береді.
Оң шешім қабылданған жағдайда:
– білім алушы ақылы білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасады және оқуға жоспарланған академиялық кредиттер санына сүйене отырып, семестрде оқу үшін ақы төлейді;
– бес жұмыс күні ішінде M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Провостының білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрығы шығарылады;
– білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау жіберіледі.
Білім алушы бұрын оқыған ЖОО басшысы осындай сұратуды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады, білім алушының жеке ісін M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-ның мекенжайына жібереді.
Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу нәтижелерін қайта есепке алуды эдвайзер/менеджердің ұсынысы негізінде Жоғары мектептің Академиялық сапа жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдаушы ЖОО дайындық бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдығын бұзу жағдайларын ескереді.
Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген Білім беру гранттары бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыстырылады.
Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға немесе өзге де ЖОО-ға ауыстыру білім алушылар білім беру гранты құнының айырмашылығын қосымша төлеген жағдайында жүзеге асырылады.
– ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтуі (KAZGUU English Placement Test тапсыру, ЭЖМ білім беру бағдарламалары үшін 100% – дан 40% шекті деңгейін тапсыру) немесе IELTS (Academic IELTS 3,0 баллдан бастап немесе оның баламасы TOEFL IBT / PBT) сертификатын ұсынуы тиіс;
– транскриптіде «Математика» пәні бойынша оң баға болмаған жағдайда «Математикадан» тестілеуден өту. Тестілеу бойынша баллдардың шекті деңгейі: «Қаржы», «Есеп және Аудит», «Экономика» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 25 балл, «Бизнестегі IT» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 20 балл және «Менеджмент» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 15 балл.
Магистранттың бір семестрді сәтті аяқтағаннан кейін және ECTS – тің кемінде 30 кредитін меңгергеннен кейін басқа ЖОО – дан сол білім беру бағдарламасы бойынша не оқу мерзімі – 1 жыл (60 ECTS) білім беру бағдарламасынан оқу мерзімі – 2 жыл (120 ECTS) білім беру бағдарламасына ауысу мүмкіндігі бар.
Басқа ЖОО-дан, басқа білім беру бағдарламалары тобынан студенттерді ауыстыру, 6В02301 – Аударма ісі және 6В02302-Қолданбалы лингвистика білім беру бағдарламаларына қайта қабылдау кезінде ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар
№ | Курс | Ағылшын тілі деңгейі KEPT (CEFR) нәтижелеріне сәйкес | Academic IELTS | TOEFL IBT/PBT, FCE/CAE (IELTS баламасы) |
1 | Бірінші курс | Intermediate B1 (60 балл және одан жоғары) |
5,0 | IBT 45 PBT 450 FCE 154 |
2 | Екінші курс | Advanced | 7.0 – ден төмен емес | IBT 94 PBT 590 CAE 185 |
3 | Үшінші курс | Advanced | 8.0 – ден төмен емес | IBT 110 PBT 637 CAE 200 |
Студенттерді 6В11101 – Қонақжайлылық және 6B11102 – Туризм (ағылшын бөлімі) білім беру бағдарламаларына ауыстыру кезінде ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар
№ | Курс | Ағылшын тілі деңгейі KEPT (CEFR) нәтижелеріне сәйкес | Academic IELTS | TOEFL IBT/PBT, FCE/CAE (IELTS баламасы) |
1 | Бірінші курс | Intermediate B1 (40 балл және одан жоғары) |
3,0 | IBT 24 PBT 370 PET 120 FCE 140 |
2 | Екінші курс | Intermediate B1 (65 балл және одан жоғары) |
5.0 | IBT 45 PBT 450 FCE 154 |
3 | Үшінші курс | Intermediate B1 (60 балл және одан жоғары) |
5.5 | IBT 59 PBT 496 FCE 162 CAE 162 |
Эдвайзерлердің байланыс телефондарын келесі сілтеме бойынша өтіп, қараңыз: https://tson.kazguu.kz/kz/moj-edvajzer/
Менеджерлердің байланыс телефондары (магистратура, докторантура, бакалавриат (қашықтан оқу технологиялары пайдаланылатын күндізгі оқу бөлімі)):
– Құқық жоғары мектебі: Алтынбекова Асель Нурлыбековна, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен қашықтан оқыту бойынша тьютор-менеджер: +7 (7172) 70-30-22,
e-mail: a_altynbekova@kazguu.kz.
– Халықаралық Экономика Мектебі: Cарсембаева Аружан Бауржановна, ХЭМ жоғары оқу орнынан кейінгі және қашықтықтан оқыту бойынша тьютор-менеджер, e-mail: isegraduateprogrammes@kazguu.kz
– Жоғары Гуманитарлық Мектебі: Целенко Елена Павловна, «Аударма ісі» и «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламаларының жетекшісі, e-mail: e_tselenko@kazguu.kz