Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі. Сонымен бірге, Университет түлекке дипломға жалпы еуропалық қосымшаны бере алады (Diploma Supplement).

Жалпы еуропалық қосымша жайында барлық сұрақтар бойынша КАЗГЮУ кеңсесіне жолығуға болады (223-каб.).

Байланыс нөмірі: +7(7172) 70-30-39
E-mail: info@kazguu.kz