M. S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің білім алушыларды онлайн тіркеу “Платон”ААЖ арқылы жүзеге асырылады.
Әр семестр, жазғы/қысқы мектептер үшін тіркеу кезеңінің күндері “Платон” ААЖ-да және tson.kazguu.kz. сайтта орналастырылған академиялық күнтізбеде көрсетілген.
Тіркеу басталғанға дейін Жоғары мектептер академиялық күнтізбеде белгіленген пәндермен таныстырады. Пәннің сипаттамасы және оқытушының профайлы тіркеу кезеңі басталғанға дейін “Платон” ААЖ орналастырылады.
M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-не жаңадан оқуға түскендерге және ауысу, қайта қабылдау тәртібімен қабылданған білім алушылар үшін бағдарлау кезеңі қарастырылған, оның мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілген. Бағдарлау кезеңінде M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-ндегі оқу жүйесімен, пәндерге тіркелу рәсімімен жалпы танысу жүзеге асырылады, әкімшіліктің өкілдерімен, Жоғары мектептердің Декандарымен (Директорларымен), департамент басшыларымен, бағдарлама жетекшілерімен, эдвайзерлермен кездесулер өткізіледі. Пәндерге тіркелу бағдарлау кезеңі өткен соң жүргізіледі.
Білім алушы эдвайзермен бірге алдағы академиялық кезеңде оқуға жоспарланатын пәндердің тізімін айқындайды.
Академиялық сынақ мерзіміндегі магистранттар бір семестрде 20-дан артық емес академиялық кредитке/ECTS-ке тіркеле алады.
Тіркелуге рұқсат ету үшін негіздемелер:
– сол не басқа пәнді оқу үшін талап етілетін барлық пререквизиттерден өту;
– оқу ақысы бойынша қаржылық қарызының болмауы;
– жоспарланатын кредиттердің саны үшін төлемнің болуы.
Оқу жүктемесі
Күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушының оқу жылы бойы қалыпты оқу жүктемесі 60 ECTS-ті құрайды, бұл, орташа есеппен алғанда, жылына 1800 сағатқа сәйкес келеді (бір ECTS-ке 30 сағат тең келеді), жекелеген білім алушылар/жұмыс түрлері үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
Білім алушы эдвайзермен бірге алдағы академиялық кезеңде оқуға жоспарланған пәндердің тізімін анықтайды.
Бір семестрдегі академиялық кредиттер саны
Білім алушы өз бетінше тіркеле алатын семестрдегі академиялық кредиттердің/ECTS ең көп саны – 30 академиялық кредит/ECTS, семестрдегі кредиттердің ең аз саны – 20 академиялық кредит/ECTS .
Студент эдвайзердің рұқсатымен Аcademic Probation мәртебесіне ие болмаған жағдайда 31-35 академиялық кредитке/ECTS тіркеле алады.
Ерекше жағдайларда студенттерге Мектептің Академиялық сапа комитетінің шешімімен көбірек (36-дан 40 академиялық кредитке дейін) немесе азырақ (20 академиялық кредиттен кем) кредит оқуға рұқсат берілуі мүмкін.
Жазғы мектеп кезеңінде білім алушы 20-дан артық емес ECTS, қысқы мектеп кезеңінде 10-нан артық емес ECTS оқи алады.
Оқу жылының қорытындысы бойынша GPA деңгейі 2,0-ден төмен студентке Academic Probation мәртебесі беріледі, студент курстан курсқа ауыспайды және академиялық сынақ мерзімінде болады.
Академиялық сынақ мерзіміндегі (Academic Probation) студент:
–егер бүкіл оқу кезеңінде GPA 1,67-ден 2,0-ге дейін болса, семестрде 20 академиялық кредиттен/ECTS артық емес;
–егер бүкіл оқу кезеңінде GPA 0-ден 1,66-ға дейін болса, семестрде 15 академиялық кредиттен/ECTS артық емес кредиттерге тіркеле алады.
Академиялық сынақ мерзіміндегі магистранттар кемінде 20 академиялық кредитке/ECTS тіркеле алады.
Пәндерге қайта тіркелу кезеңі
Білім алушы академиялық кезең басталғаннан кейін екі күнтізбелік апта ішінде эдвайзердің рұқсатымен (жазғы және қысқы мектепті қоспағанда):
-басқа пәндерге қайта тіркелуді жүзеге асыруға;
-тіркелуден бас таруға құқылы.
Ерекше жағдайлар
Ерекше жағдайлар орын алғанда (асыраушысынан айырылу, жақын туыстарының қайтыс болуы, ауыр науқас және т.б.), білім алушының Жоғары мектептің Академиялық сапа комитетіне мынадай өтініш жазуға құқығы бар:
– Академиялық саясатта белгіленген кредиттердің санынан азырақ кредитке тіркелуге рұқсат алуға;
– бір академиялық кезеңге тіркелмеуге.
Өтініштер мобильді қосымша арқылы академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей (https://smart.kazguu.kz/statement/45) беріледі.
Академиялық кеңес беру
Академиялық кеңес беру оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-ндегі білім алушыларды оқу үдерісінде академиялық қолдауды әрбір Жоғары мектепте құрылатын эдвайзерлер кеңсесі жүзеге асырады.
Әрбір эдвайзерге білім алушылардың белгілі бір саны беріледі. Эдвайзердің кеңесін алу үшін білім алушы оған корпоративтік пошта арқылы өтініш жасай алады, https://tson.kazguu.kz/ru/moj-edvajzer/ сайтында жеке кеңес алу үшін жазыла алады.
Академиялық кеңес беру – эдвайзер мен білім алушының бірлескен жұмысы.
Осы бірлескен жұмыста эдвайзер:
– білім беру бағдарламасының талаптарын, M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-не мен Жоғары мектептің саясаты мен рәсімдерін білуге;
– білім алушының болашақ кәсіби бағытын және оның құзыреттілігін қалыптастыруға көмек көрсету, білім алушының академиялық дайындығы мен өмірлік мақсаттары, оның болашақ жұмысы арасындағы өзара байланысты талқылауға;
– білім алушыларға M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-не, Жоғары мектеп пен бағдарламаның талаптары туралы өзекті әрі қажетті ақпаратты ұсынуға;
– оқу жылының әрбір семестріне білім беру траекториясын жоспарлауда, пәндерді таңдау кезінде шешім қабылдауда білім алушыларға көмек көрсетуге;
– бағдарлауда және оқу үдерісіне бейімделуде көмек көрсетуге;
– оқу уақытын жоспарлауда білім алушыларға көмек көрсетуге;
– M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің әкімшілігі алдында білім алушылардың академиялық мүдделерін білдіруге;
– өзіне бекітілген білім алушылардың оқу үлгерімін қадағалауға;
– білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақылға қонымды қабылдау уақыты мен жеткілікті кеңсе сағаттарын сақтау есебінен білім алушылар үшін қолжетімді болуға (білім алушылармен кездесу мен қабылдау кестесі);
– жекелеген білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне мұқият болуға міндетті.
Білім алушы:
– өзінің оқуымен байланысты бағдарламаларды, M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің, Жоғары мектептің саясатын, каталогын және басқа нормативтік құжаттарды білуі;
– академиялық дәреже алу шарттарын орындау үшін өзінің оқу бағдарламасын жоспарлауы;
– өзінің оқу нәтижелерін, игерілген кредиттерді және алған бағаларын білуі;
– M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нің ресми ақпарат көздерінде (сайт, «Платон» ААЖ, Canvas LMS және т.б.) орналастырылған, оқу үдерісіне және M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti-нде болуына қатысты өзекті ақпаратты уақтылы алуы және қадағалауы;
– оқу саласындағы жеке мақсаттары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауға қатысты, сондай-ақ M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıtetiн бітіру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру үшін жеке жауапкершілігін түсінуі;
– жеке бастамасын көрсетуге және кеңес берулер мен өзінің оқу үдерісін жоспарлауға белсенді қатысуы тиіс.
Жеке оқу жоспары және сабақ кестесі
Жеке оқу жоспары – білім алушының эдвайзердің көмегімен білім беру бағдарламасының каталогы негізінде әр оқу жылына дербес құрастыратын оқу жоспары.
Білім алушының жеке оқу жоспарын эдвайзер (менеджер) мақұлдайды және оны Жоғары мектептің деканы (директоры) «Платон» ААЖ-да академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде бекітеді. Білім алушының жеке оқу жоспары «Платон» ААЖ-да электрондық форматта сақталады, әрі білім алушыға қолжетімді.
Білім алушының жеке кестесі пәндерге тіркелуі негізінде «Платон» ААЖ-да құрылады. Қайта тіркелу кезеңінде білім алушы академиялық кезеңге оқу кестесін құруға міндетті. Бұл кезеңде оның міндетті түрде сабақтарға қатысуы керек.
Академиялық кезеңге оқу сабақтарының түпкілікті кестесін Провост академиялық кезең басталған сәттен бастап үшінші аптада бекітеді. Оқу кестесі бекітілгеннен кейін барлық өзгерістер Провостың жазбаша рұқсатымен ғана енгізіледі.
Оқу ақысын төлеу
Оқу құныОқу ақысын төлеу мерзіміТөлем кестесіБілім алушының бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысуы кезінде оқу ақысын төлеуіАкадемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеткен білім алушының оқу ақысын төлеуі
Оқу құны 1 (бір) академиялық кредит құнының көбейтіндісінен және тиісті академиялық кезеңге арналған жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) айқындалған пәндер бойынша білім алушы таңдаған академиялық кредиттер санынан қалыптасады.
Тиісті білім беру бағдарламасы бойынша бір академиялық кредиттің құны M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің қызметтер құнының тізілімімен анықталған (әрбір оқуға түсу жылы бойынша).
Қосымша академиялық, әкімшілік және өзге де тарифтер “M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti” АҚ қызметтер құнының тізіліміне сәйкес оқуға түскен жылына қарамастан барлық білім алушыларға қатысты.
Оқу ақысын төлеу пәнге тіркелу басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын әрбір академиялық кезең үшін жеке жүргізіледі.
Барлық оқу мерзіміне сияқты 2 (екі) және одан да көп академиялық кезеңге оқу ақысын төлеуге жол берілмейді.
1-курс білім алушылары (талапкерлер) бірінші академиялық кезең үшін ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін таңдап алынған академиялық кредиттер (бір академиялық кезеңде (семестрде) кемінде 20 академиялық кредит) құнының мөлшеріндегі соманы төлеуі қажет.
1-4-курс білім алушылары ерекше жағдайларда таңдалған кредиттер үшін төлем кестесі бойынша оқу ақысын төлей алады.
Төлем кестесі ай сайын семестр үшін жалпы қарыздың 25%-ы бойынша 4 айға ұсынылады. Кестеге өтінішті пәндерге тіркелу басталғанға дейін 7 жұмыс күні бұрын беру қажет. Ай сайынғы төлемдер әр айдың 20-на дейін жасалуы керек. Төлем мерзімі өткен жағдайда 5 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық айыбы алынады.
Демалыс уақытында білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру кезінде пәнді оқу үшін ақы төлеу ауысу жылына бекітілген M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің қызметтер құнының тізіліміне сәйкес білім алушы ауысатын білім беру бағдарламасы кредиттерінің құны бойынша жүргізіледі.
Білім алушы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеткен кезде білім алушы немесе оның заңды өкілі серіктес университетке ұшқанға дейін, “Erasmus+” бағдарламасы бойынша кететін білім алушылардан басқа, ағымдағы академиялық кезеңнің (серіктес университетте оқу кезеңі) кемінде 20 кредитін алдын ала төлеуге міндетті.
ҚОЛДАУ:
1. Эдвайзерлердің байланыс нөмірлері (бакалавриат, күндізгі оқу нысаны): https://tson.kazguu.kz/kz/moj-edvajzer/
2. Менеджерлердің байланыс нөмірлері (магистратура, докторантура, бакалавриат (қашықтан оқу технологияларын қолданатын күндізгі оқу бөлімі)):
– Құқық жоғары мектебі: Алтынбекова Асель Нурлыбековна, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қашықтан оқыту бойынша тьютор-менеджер, телефон нөмірі: 8(717)2-70-30-22,
e-mail: a_altynbekova@kazguu.kz.
– Халықаралық Экономика Мектебі: Cарсембаева Аружан Бауржановна, ХЭМ жоғары оқу орнынан кейінгі және қашықтықтан оқыту бойынша тьютор-менеджер, e-mail: isegraduateprogrammes@kazguu.kz
– Жоғары Гуманитарлық Мектебі: Иманжанова Динара Дүйсеновна – директордың жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту мен дамыту бойынша орынбасары, email: d_dauletbayeva@kazguu.kz
3. Корпоративтік поштаның, “Платон” ААЖ-ның логинін және/немесе паролін алу немесе қалпына келтіру үшін мына мекенжайға сұрау жіберіңіз: registrar@kazguu.kz.
4. Тіркеу кезіндегі техникалық мәселелер болған жағдайда корпоративтік поштаға жазыңыз: registrar@kazguu.kz.
Келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз: +7 (7172)-70-28-21.
5. Оқу ақысын төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса, a_bekova@kazguu.kz корпоративтік поштасына жазыңыз.
Онлайн-төлем бойынша деректемелер мен нұсқаулық сілтеме бойынша көрсетілген: https://tson.kazguu.kz/kz/oplata/