Құрметті студенттер!

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі семестрдің пәндеріне 2019 жылдың 7 – 11 қаңтар аралығында тіркеле аласыздар. Оқытушылар ауысып, оқу ағымдарында өзгерістер болуы мүмкін, өтінеміз, тексеріп отырыңыздар. Сонымен бірге, оқу ақысын да тексеруді ұмытпаңыздар. Пәндерге тіркелу және өтініш беру мерзімдерін сақтауларыңызды сұраймыз.

Оқу сабақтары 2019 жылдың 21 қаңтарында басталады. 2018-2019 оқу жылына арналған қызметтер ақысының тізіліміне қосымша тарифтердің енгізілгеніне назар аударыңыздар (сілтемеден өтіп, 1-таблицадан көре аласыздар).

Күндізгі оқу бөлімінің студенті бір академиялық кезеңде кемінде 12 кредит алуға тиіс. Дәлелді себептері болған жағдайда, ақылы оқитын студенттерге бір академиялық кезеңге тіркелмеуге немесе M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің 2018-2019 оқу жылына арналған қызметтер ақысының тізілімінде белгіленген кредиттердің санынан азырақ кредиттерге тіркелуге болады. Ол үшін білім алушы академиялық кезең басталмай тұрып, 5 жұмыс күні бұрын КАЗГЮУ ЦОН-ы арқылы Жоғары мектептің Академиялық сапа жөніндегі комитетіне бір академиялық кезеңге тіркелмейтіні туралы өтініш беруге тиіс. Комитет өтініш бойынша түпкілікті шешімді білім алушының баяндаған жағдайына қарай қабылдайды және өзінің шешімі туралы білім алушыға КАЗГЮУ ЦОН-ы арқылы хабарлайды.

Егер сұрақтарыңыз болса, 87172702854 телефон нөміріне қоңырау шалуға, tson@kazguu.kz немесе n_abdekova@kazguu.kz (Офис регистратордың басшысы Абдекова Назира Мамбетовна) электрондық поштасына, telegram-bot: https://t.me/tson_kazguu_bot жазуға болады.