Академиялық демалыс білім алушыларға:
1) денсаулығына байланысты – ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде;
2) әскери қызметке шақырылған жағдайда – әскери қызметке шақыру туралы қағаздың негізінде;
3) бала туу, асырап алуға байланысты бала үш жасқа толғанға дейін беріледі.
Білім алушыларға өзге негіздер бойынша академиялық демалыс берілмейді.

Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы «М.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» мобильді қосымшасында M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің провосты атына растайтын құжаттарымен қоса өтініш береді.
Білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде шығарылады.
Білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты есебінен білім алушы тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес мемлекеттік шәкіртақыны төлеу тәртібін тоқтата тұру немесе өзгерту туралы бұйрық шығарылады.

Жалпы талаптар
Академиялық демалысты рәсімдеу тәртібі
Байланыс және қолдау